ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне қабылданған, "Исламтану" мамандығы бойынша күндіз бөлімнің талапкерлерін қабылдады.
Биылғы жылы Алматы қаласындағы "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетіне Ақжайық елінен он бір шәкірт қабылданды. Солардың ішіңде тоғызы ер бала, екеуі қыз бала болатын.
Қабылдауда Қитарова Айсәуле мен Идирова Альбина сөз алып, университетке қабылданып, имандылық жолында Орал орталық ұстаздарына алғысының шексіз екендерін айтып, Алла қаласа, Ақжайық еліне аянбай еңбек ететіндерін жеткізді.
Өкіл имам Руслан Тыныштықұлы: "Құранды ашып үңілсек, Ислам дінінің ғылымға, ғылым үйренуге қаншалықты маңыз бергендігі туралы көптеген аяттарды байқаймыз. Ғылым біліммен келсе, білім тек оқумен келеді. Қасиетті Құранның тұңғыш түскен «Алақ» сүресінің алғашқы аяты «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!», – деп басталуы тектен-тек емес. Алла Тағала білім үйренуді адам баласына бұйырып міндеттеген.
Сондықтан да, Құранда «Зүмәр» сүресінің 9-аятында: «... Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» – дейді. Тағы бір аятта былай делінген: «Сендерден иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді»-деп шәкірттерге сәттілік тілеп, қос талапкерге қасиетті Құран кәрімді сыйлады.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.08.2016
3657
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру