Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте «Мектепке жол – 2016» қайрымдылық акциясында 400 балаға көмек берілді

19.08.2016 3324 0 пікір

Оңтүстік Қазақстан облысы,  Шымкент қаласына қарасты Абай, Әл Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіттерінің ұйытқы болуымен «Мектепке жол - 2016» атты қайырымдылық шарасы болып өтті.

Шараға облыс имамы  Ахметжан қажы Керімбек, найб имам Мұхамеджан Естеміров және Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің имамы Бақдәулет Абдірахмановтар  арнайы қатысып,  ізгілік тіледі.

Шара аясында Шымкент қаласына қарасты  жағдайы төмен әлеуметтік аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан 400 балаға қайрымдылық көмек жасалып, мектепке арналған қажетті заттар мен сөмкелер  үлестірілді.

Осы шараға қол ұшын берген барша азаматтарға Алла разы болысн!

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру