Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылық-2016: Қостанайда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

18.08.2016 3095 0 пікір

Міне, енді санаулы күндерден соң биылғы 2016 жылдың, яғни, хижра жыл санауы бойынша 1437 жылдың қажылығы да басталады.

Осыған орай, барлық жерде «қажылық парызымды өтеймін», - деп ниеттенген жандар сапарға жан-жақты дайындалуда. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы негізінде Қостанай облысы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қанша дегенмен қажылық сапары кезінде миллиондаған адамның ішінде жүріп кейбір амалдарды ұмытпай, парыздары мен сүннеттерді толық орындаған кезде ғана қажылық міндеті өтелген болып есептеледі.

Міне, сондықтан да қажылыққа барам деушілерді алдын-ала дайындау мешіт имамдарына жүктелген. Осы орайда облыс көлеміндегі барлық мешіттер және облыстық «Марал ишан» мешітінде әр намаздардан соң «Қажылық сапары» тақырыбында дәрістер оқылып, жасалатын амалдар бойынша үйрету сабақтары өтуде. 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру