
Елорданың еңселі құлшылық үйі "Нұр Астана" орталық мешіті бүгінде үлкен мәдени шаңыраққа айналған.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, "Нұр Астана" мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт жамағатының ауызбіршілігіне үлкен маңыз беріп, әртүрлі рухани-мәдени шаралар ұдайы ұйымдастырып келеді.
Кешкілік мешітте жайылған ақ дастархан да осындай дәстүрлі шараның бірі болды. Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы қажылық маусымының келуіне орай, мешіттің тұрақты жамағаты, Нұржан Сейтбаев ақсақалға сауапты сыйлық тарту етті. Иісі мұсылман баласы үшін қасиетті де қадірлі Мекке шаһарында Қағбаға қажылық ету жолдамасы абыройлы ақсақалға табысталды.
Нұржан ақсақал өз кезегінде орталық мешіттің Бас имамы мен дін қызметкерлеріне риясыз алғысын айтып, батасын берді.
Ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.08.2016
3806
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру