Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақмолада жергілікті діни ахуалмен танысты

18.08.2016 3952 0 пікір

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы  өзінің Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде облыстық «Науан Хазірет» мешітінің сәулет құрылысымен танысып, жергілікті діни ахуалға қанықты.

"Науан Хазірет" мешіті облыстағы діни-рухани құндылықтарды насихаттайтын орын болып табылады. Күн сайын мұнда жүздеген адамдар келіп, имани танымдарын жақсартады. Бес уақыт оқылатын намаз кезінде де жергілікті имамдар жамағатқа асыл дініміздің құндылықтары жайлы ғана емес, тәуелсіз еліміздің асқақ мұраттары турасында да тағылымды уағыздар айтады.


ҚМДБ-ының Ақмола облысындағы өкілі, "Науан Хазірет" мешітінің бас имамы Қанат Қыдырмин елордалық мейманға мешітті көрсетіп, жергілікті діни ахуал жайлы хабардар етті. Бас мүфтияттың тапсырмаларына сәйкес діни ағарту, ағымдармен күрес және басқа да бағыттағы жұмыстар  жайлы толық ақпарат  берді.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы мешіттегі кездесуде діни экстремизмнің алдын алу баршаның ортақ міндеті екенін атап көрсетті. Көкшетаудағы осынау күнмен шағылысқан күмбездері асқақтаған мешіттің сұлулығына өзінің тәнті болғанын жасырмады.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлымен өткен бұл мешіттегі кездесуге облыс және қала әкімдері Сергей Кулагин мен Ермек Маржықпаев та қатысты.

Бақыт Смағұл

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру