Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚШ Мемхатшысының орынбасары «Әзірет Сұлтан» мешітіне келді (фото)

17.08.2016 3482 0 пікір

Астана қаласына арнайы іс-сапармен жолы түскен АҚШ Мемлекеттік хатшы орынбасары Сара Сьюэлл  бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітіне келіп қайтты. Атағы алысқа жайылған құлшылық ордасын көріп шығуға арнайы келген құрметті қонақты «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораз өзі қарсы алды.

Құлшылық ордасының сұлулығына сүйсіне тамсанған АҚШ өкілі Серікбай қажы Сатыбалдыұлына түрлі сұрақтар қойып, қызығушылық танытты. Мешіттің ішкі тыныс-тіршілігімен танысып, құнды жәдігерлерін тамашалады. Сондай-ақ, мешіт ғимаратында орналасқан «Хикмет» телерадио студиясы мен Muslim.kz порталының жұмысымен де танысып шықты.

Жанға жылу төккен құлшылық ордасына аяқ басып, ішін аралап көрудің сәті түскеніне қуанышын білдірген Сара Сьюэлл мешіт қызметкерлеріне жылы қабылдауы мен көрсеткен ілтипаттарына алғысын білдірді. Кездесу соңында алыстан келген құрметті қонаққа  салт-дәстүрімізге сай ескерткіш-сыйлық тарту етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру