Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда жастар арасында мешітаралық Құран жарысы өтті

16.08.2016 3330 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Жастар ісі» бөлімінің Алматы қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Әбу-Бәкір» мешітінде Наурызбай ауданы бойынша мешітаралық Құран жарысы өтті.

Қасиетті Құранды жатқа оқып, мәнерлеп айтудан өткен сайысқа мешіттерден жиналған шәкірттер қатысты.

Игі іс-шараға ҚМДБ «Жастар ісі» бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Есім Ержан қатысып, шәкірттерімізді игі сөздермен құтықтады.

Сайысқа қатысқан 25-ке жуық үміткерлерді арнайы құрылған әділ қазылар алқасы сараптады. Олар: Алматы орталық мешітінің ұстазы Е.Ержан, «Әбу Бәкір» мешітінің азаншысы М.Аман қари, «Қалқаман 2» мешітінің ұстазы К.Нуреддин қари.

Нәтижеде «Қалқаман 2» мешітінің жас шәкірті Саятұлы Арсен І орынды иеленді.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы әрі ақшалай сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге Құранды үздіксіз үйренуге және үйретуге шақырып: «Балаларыңды үш түрлі қасиетке баулыңдар: Пайғамбарларыңды сүюге, оның әулетін құрмет тұтуға және Құран оқуға. Шын мәнінде, Құранды жаттағандар ешқандай көлеңке болмайтын Қиямет күнінде Алланың Аршысының көлеңкесінде тұрады», - деген. Осындай ниетте Құранды жатқа оқып, бар ынтасымен дайындалған жасөспірім балалардың талпынысы қуантты.

Алматы орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру