Ақтөбе облыстық «Нұр ғасыр» мешіт мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы бірлесіп, «Ақтөбе облысы мешіт жамағаттарының діни білімін арттыру» тақырыбында облыстық семинар өткізді. «Ақтөбе» медресесінің оқу ғимаратында 5 күнге созылған семинарда «Фиқһ», «Ақида», «Мұсылманның сипаты», «Қазақ ойшылдарының еңбектері», «Хадис алудағы ерекшеліктер» және «Құран аяттарының түсу себептері» сынды т.б. тақырыптарда медресе ұстаздары мен теологтар дәріс оқыды. Семинарға Ақтөбе қаласы және Шалқар, Мұғалжар, Темір аудандарының жамағаттары қатысты.
Сондай-ақ, семинарға қатысушылардың көкейтесті сауалдарына да жауап берілді. Әсіресе, дәріс оқушы ұстаздар тыңдаушылар фиқһ пен ақида сабақтарына қызығушылық танытқанын алға тартуда.
Семинардың негізгі мақсаты – мешіт жамағатының арасында ауызбіршілікті сақтау үшін Ханафи мәзһабы мен Мәтуриди мектебінің еңбектері, ұстанымдары және Ханафи ғалымдары сүйенген дәлел-дәйектермен таныстыру арқылы жамағаттың діни сауатын арттыру болып табылады.
Шара соңында өкіл имам Төлеби Оспан аталмыш семинар алдағы уақытта жалғасын табатындығын жеткізе келе семинар тыңдаушыларын марапаттады. Қасиетті Құран Кәрім сыйға тарту етіліп, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы әзірлеген «ДАИШ» ұйымының қателіктері баяндалған парақшалар таратылды.
Өз кезегінде қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, жамағат арасында тартысты мәселеге айналып жүрген сауалдарына жауап алғандарын жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
«Нұр ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.08.2016
3925
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру