
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінде діни білім алудың артықшылығы жөнінде семинар өткізілді.
Оған аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Сыздықов Бекзат, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ішкі саясат секторының меңгерушісі Есенбеков Омар және «Шымкент», «Сарыағаш» медресе-колледжіне оқуға түсуші талапкерлердің ата- аналары қатысты.
Жалпы, 2016 жылы Мақтарал ауданы бойынша «Сарыағаш» медресе-колледжіне 45 шәкірт, «Шымкент» медресе-колледжіне 4 шәкірт, Алматы қаласында орналасқан «Әбу Ханифа» медресесіне 2 шәкірт және «Астана» медресесіне 1 шәкіртіміз білім алуға жіберілді.
Сонымен бірге семинар барысында медресе, әкімдік және ата-аналар тарапынан үш жақты Меморандум қабылданды. Алдағы уақытта аталмыш оқу ордасында шәкірттер тегін білім алып, шәкіртақы алып оқитын болады.
Семинар барысында ата-аналар қойылған сұрақтарына жауап алып, риза екендіктерін жасырмады.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.08.2016
3208
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру