Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам ел ішін аралап, мешіт жағдайымен танысты

12.08.2016 3241 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет жақында облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамдарымен бірге облыс көлеміндегі мешіттерді аралады.

Бахытбек Нұрғабылұлы бастаған дін қайраткерлері алдымен Әулиекөл ауданының Құсмұрын кентіндегі мешітке жаңадан имам тағайындап, тұрғындарымен таныстырды.

Кейін Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің және Арқалық қаласының аумағында орналасқан Фурманов ауылдық «Тәубе», Молодежный елді мекеніндегі «Жұмаш» мешіттерінің жамағатымен жүздесті. Оларға өңірдегі қалыптасқан діни ахуал және алда тұрған міндеттер жайлы жан-жақты әңгімеледі.

Содан соң, дін саласының қызметкерлері аталған шаһардағы УК 161\12 еңбекпен түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандармен кездесіп, уағыз-насихат жүргізді.

Сомымен қатар, олар Аманкелді ауданының Тасты ауылдық мешітінде, Амантоғай ауылдық мешіті мен Қарасу ауылдық намазханасында жергілікті мұсылман ағайындармен кездесіп, жай-күйлерімен танысты. Ондағы намазхан бауырларымыздың көкейінде жүрген көптеген сауалдарына нақты жауап берді.

 

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру