Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда жазғы лагерьдегі сауат ашушы балалар арасында футболдан жарыс өтті

11.08.2016 3978 0 пікір

Алматы қаласы, Наурызбай ауданында «Жалпы және жастар ісі» бойынша жазғы лагерьдегі сауат ашушы балалар арасынан мешітаралық футболдан жарыс өтті.

Еліміз бойынша Бас мүфти бастамасымен төр бағыт бойынша жұмыс атқарылып келе жатқаны баршамызға белгілі. Соның ішінде «Діни білімді жетілдіру» бағыты бойынша Наурызбай ауданының мешіттерінде жазғы лагерь жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келуде. Мешіттеріміздегі сауаттарын жетілдіріп жатқан жасөспірімдердің білімге деген жігерлерін жоғарлату мақсатында ауданымызда мешіт аралық фудбол жарысы өтті.

Игі іс-шараға Алматы қалалық «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Есім Ержан және Наурызбай ауданының Бас имамы Ахметов Мәди демеу көрсетіп, Наурызбай ауданының «Жалпы және жастар ісі» бойынша өкілі Бердибеков Айдостың бастамасымен өтті.

Әр мешіттен шыққан 6 команда өзара бірінші орынға таласты. Сонымен, жарыс нәтижесіне сәйкес, жүлделі І орын Тау жолы ықшам ауданында орналасқан «Ибраһим»  мешітіне бұйырды. Ал  ІІ орынды Ақжар ықшам ауданында орналасқан «Нұр» мешітінің шәкірттері қанжығасына байлады. Ал ІІІ орынды «Қарағайлы» мешітінің шәкірттері иемденді. Жарыс жеңімпаздары алғыс хат, дипломмен марапатталып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Жарыс соңында әр мешіттен келген шәкірттердің басын қосып, бауырмашылдықтарын арттыру мақсатында арнайы дастархан жайылды. Наурызбай ауданының «Жалпы және жастар ісі» бойынша өкілі Бердибеков Айдос аталмыш шара алдағы уақытта  жоғары деңгейде жалғаса беретінін жеткізді.

ҚМДБ Алматы қаласы баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру