
"Нұр-Мүбарак" университетінің ұстаздары мен қызметкерлері, студенттерінен құрылған арнайы топ шілде айында Малайзиядағы Сұлтан Зейнел Абидин атындағы университетке аттанған болатын. Келісім-шартқа сәйкес бір ай бойы ағылшын тілінің арнайы курсынан өтіп, өзге де оқу бағдарламаларымен танысты. Мобильдік тәжірибе алмасу бағдарламасы да сәтті аяқталып, "Нұр-Мүбарак" университетінің өкілдеріне арнайы сертификат берілді. Сертификатты университеттің проректоры профессор Махадзирах бинти Мохамадтың өзі тапсырып, білім жолындағы мобильдік топ мүшелеріне алғыс айтты.
Сұлтан Зейнел Абидин атындағы университет мемлекет меншігіндегі ұлттық жоғары оқу орындардың қатарында. Малайзияның Теренггану штатында орналасқан бұл университетпен келісім-шарт негізінде байланыс жасайтын "Нұр-Мүбарак" университеті әрдайым студенттер мен магистрант, докторанттарды түрлі курстар мен ғылыми тағылымдамаларға жіберіп отырады.
Айша КЕҢЕСБАЙ
"Нұр-Мүбарак" университетінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.08.2016
3631
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру