
Діни басқарманың басым бағыттарының бірі – уағыз-насихат жұмыстарын жүйелі түрде, нәтижелі жүргізу туралы тапсырмасы аясында ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында білікті имамдардан құралған жергілікті ақпараттық насихаттық тобы жұмыстап қайтты.
ЖАНТ мүшелері Зауатбек Сайлау, Мұқтанов Мади, Сейт Айболат, Мақсатбек Алдияр, Мақсат Сейлхан, Ерқанат Тұрымтай қатарлы имамдар Қатонқарағай ауданының «Берел», «Топқайың», «Өрел», «Белқарағай», «Аққайнар», «Үлкен Нарын», «Қатонқарағай» мешіттерінде болып жамағатпен жүздесті.
Кездесу барасында олар өңірдегі діни ахуал туралы халықпен пікір алмасып, исламның тағылымдық, адамгершілік, бейбітшілкті ұлықтаған қағидаттары хақында жұртшылықпен салауатты сұхбат өрбітті.
Тұрғындардың өздерін мазалаған сауалдарына жауап беріп, емен-жарқын әңгіме өткізді.
ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы: «Халықтың діни сауаттылығын арттыру, исламның адамгершілік асыл құндылықтарын насихаттау мақсатымен ЖАНТ жұмыстарын пәрменді жүргізу, еліміздегі тұрақтылық пен тыныштыққа үлес қосу басты мақсатымыз», - деп атап өтті.
Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары да орайы келген уақытта жасалған осындай тағылымға толы кездесулер ұйымдастырған Өскемен аймағы өкілдігіне алғыстарын білдірді.
Алда Өскемен өңірінің басқа да аудандарында насихат шараларын өткізу көзделіп отыр.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.08.2016
3660
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру