Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жылдағы үрдіс бойынша еліміздің жер-жерінде «Мектепке жол» қайрымдылық акциясын жүргізіп келеді. Игі шара әсем қала Алматыдан бастау алды. Алатау ауданы, Дархан ықшамауданында орналасқан мешітте әлеуметтік аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан 70 балаға қайрымдылық көмек жасалып, толықтай мектепке арналған арнайы киімдер мен сөмкелер үлестірілді.
Шараға арнайы келген Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет жиылған жұртқа Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жеткізді. Өкіл имам бұл игі шараның алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айта келе, шараға мұрындық болған жандарға алғысын айтты.
Жиын алдағы күндері Асыл арна телеарнасы арқылы жалпы жұртқа көрсетілетін болады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.08.2016
4872
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру