Таныстыру
«Иман» журналының №8 саны жарық көрді
Басылымның тамыз айындағы санымен таныстырайық. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен жарияланған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Отанға адал қызмет етейік!» деген мақаласымен ашылған. Одан әрі «Сахих хадистер» айдарымен Абдуссамат Махаттың «Ниет амалдан абзал», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Алақ» сүресі», «Шариғат» айдарымен «Намаз оқыңыз», «Уақыт үні: ұсыныс» айдарымен сенатор Мұрат Бақтиярұлының «БАҚ сәләфилерден тазарсын», «Уақыт үні: пікір» айдарымен ақын Дәулеткерей Кәпұлының «Өлген де, өлтірген де... қандастарым!», «Уақыт үні: абайла да сақтан» айдарымен исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлының «Сәләфи ғалымдары неге шақырады?» және Бауыржан Әлиұлының «Сәләфилер жүгінетін пәтуәлар», «Уақыт үні: сараптама» айдарымен дінтанушы Мұқан Исаханұлының «Уаһабшылдың көздегені ұлт тамырына балта шабу», «Ой салу» айдарымен Құдайберді Бағашардың «Жиһадты қалай түсінеміз?», «Білгенге маржан» айдарымен «Мәзһаб имамы», «Уағыз» айдарымен Осман Нұри Топбаштың «Туыстық қарым-қатынасты үзбеңіз» мақалалары жарық көрген.
![]()
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:«Тарихи тағылым» айдарымен «Қожа Ахмет Йасауи», «Парыз» айдарымен «Зекет кімдерге берілмейді?», «Әдеп» айдарымен «Қол алысу», «Сіз білесіз бе?» айдарымен «Денеміздегі ғажайыптар», «Дін - тәрбие» айдарымен «Ата-ананы тыңдаңыз», «Кеңес» айдарымен «Бақытты отбасын құрғыңыз келсе...», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Шаш егудің үкімі қандай?», «Көрікті мешіт - 2016» айдарымен «Алла үйі сәулетті де таза болсын!», «Өнеге» айдарымен «Мешіт салдырған әже», «Сұхбат» айдарымен «Мақсат – мешіттерді толық құжаттандыру», «Сырласу» айдарымен «Өмірімде арақ ұрттап көрмеппін!», «Тағылым» айдарымен «Қаздауысты Қазыбек би», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Күнә пенденің ғұмырын қысқартады», «Ойласу» айдарымен «Ажыраспаңыз, ағайын!», «Таным» айдарымен «Жәннаттықтардың киімдері», деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2016 жылға жазылу әлі жүріп жатқанын қалың оқырманымыздың қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 15 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке әр айдың 15-не дейін барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап осы басылымның жаңа саны қолыңызға тиетін болады.
«Иман» журналына «Қазпошта» АҚ арқылы жазылу бағасы:
1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;
2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;
3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.
Бір жылға толық жазылсаңыз басылымнан қол үзбейсіз.
Ал, мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады.
Құрметті оқырман, әлбетте, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болыңыз.
Оқырман есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық жиындар мен басқа да іс-шаралар өткізерде онда «Иман» журналының алдағы шығатын кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 15-не дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері
БИН 120940011498
Р\С KZ 288560000005684077
АО «Банк Центр Кредит»
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.08.2016
4046
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру