Наиб имам шәкірттермен кездесті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің төрт бағыт бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы мешіттерде діни сауат ашу курстары жұмыс жасауда.
Аталмыш діни сауат ашу курстарының жұмыстарымен танысу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы шәкірттермен кездесті. Кездесу кезінде шәкірттерге діни білім алудың артықшылығы мен пайдасы туралы әңгімелеп берді.
Айта кету керек, облыс көлемінде бүгінгі таңда, 11 діни имандылық лагері, 232 астам мешітте діни сауат ашу курстарында 12092 ер-бала, 2189 қыз-балалар имандылық бағытта тәлім алуда.
![]()
![]()
![]()
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.08.2016
3239
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру