
Академиялық мобильдік бағдарлама – жоғары оқу орындарындағы ұстаздар мен студенттердің шет елдік беделді университеттерімен байланысты күшейтіп, өзара білім, тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын арттыруға арналған маңызды жобалардың бірі.
"Нұр-Мүбарак" университеті де осы бағдарлама бойынша бірнеше жылдан бері шет елдік әріптес оқу орындарымен келісім-шарттар арқылы студенттер мен ұстаздардың білімін жетілдіруге ерекше ден қойып, қолдау көрсетіп келеді. Осындай маңызды бағдарлама бойынша, "Нұр-Мүбарак" университетінің басшылығы жазғы маусымды пайдаланып Малайзияның Сұлтан Зайнал Абидин атындағы университетіне бір топ оқытушылар мен қызметкерлеріне жолдама берді.
Ғылым докторлары Алау Әділбаев, Калмахан Ержан, Шамшат Әділбаева, Гүлім Имашева, Сұлу Исабаева, Салтанат Қағазбекова т.б. ұстаздар мен қызметкерлер бір айдан бері ағылшын тілін жетілдіріп, қосымша дәрістер алуда. Тек білім жетілдіру ғана емес, қос елдің достығы мен мәдени қарым-қатынасын арттыра түсетін бұл сапар жайлы Малайзияның "HARIAN METRO" атты жаңалықтар топтама газеті жазды.
Ал, біздің ұстаздар мен қызметкерлер үшін Сұлтан Зайнал Абидин университетінің кітапханасы, оқу ғимараттары мен білім беру жүйелері ерекше әсер қалдырды. Білім жетілдірумен қатар Малайзияның көрікті, тарихи-мәдени жерлерін тамашалау да бағдарламадан тыс қалмады. Сондықтан бұл білім сапары "Нұр-Мүбарак" университетінің профессорлық-оқытушылар құрамына оң ықпалмен жаңа оқу жылына тың жобалар мен жаңа серпіліске сеп береді деген сенім мол.
Айша КЕҢЕСБАЙ
"Нұр-Мүбарак" университетінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.08.2016
4315
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру