Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісудағы «Дін және әйел» семинары

01.08.2016 3847 0 пікір

Талдықорған өңірі Алакөл ауданы Үшарал қаласының З. Қойшыбаева атындағы мəдениет үйінде "ДІН ЖƏНЕ ƏЙЕЛ" тақырыбында облыстық семинар болды. Онда Алматы облысыны дін істер басқармасының басшысы Рахмет Разбекұлы, өкіл имам Серікхан Ахмадиев т.б. дінтанушы ғалымдар қатысты. Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы "Əйелдің Исламдағы орны" турасында баяндама жасады.

Семинар соңында Алакөл ауданы Көктұма ауылы Əмірқожа ата мешітінде ауыл имамдарына "БІЛІКТІ ИМАМ ҚОҒАМ РУХАНИЯТЫНЫҢ КЕПІЛІ" тақырыбында семинар болды. Семинарға Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы келді. Өкіл имам-имамдардың заман талабына сай білімді де білікті болуы, қоғамның рухани тірегі бола білу керектігін айтты. Сондай-ақ теріс ағымдардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет екенін тілге тиек етті. Семинарда басқа да маңызды мəселелер қозғалды.

Талдықорған өңірінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру