Қостанайдағы намазхан әйелдер мен қыздар қайырымдылық мақсатында өздерінің қолдарымен дайындалған тәтті торттар мен тағамдарын әзірлеп, оларды жәрмеңкеге шығарды.
Сонымен қатар, осы шараға жеке кәсіпкерлер, оның ішінде Қостанай қаласындағы халал тағамдарын дайындайтын дәмханалар да қатысты.
Бұл жәрмеңкеде жұртшылыққа ұсынылған тағамдар нарықтағы бағадан 50 пайыз төмен бағамен сатылды.
Сондай-ақ, жәрмеңке барысында Марат есімді мұсылман бауырымыз балаларға балмұздақты тегін таратып, жиналғандардың көңілінен шықты.
Жалпы, аталған іс-шараның көздеген мақсаты - «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, облыс орталығындағы салынып жатқан жаңа мешітімізге және қамқорлыққа мұқтаж жандарға қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да үлестерін қосу еді.
Біз игі бастамаға ұйытқы болған намазхан әйелдер мен қыздарымызға Алланың нұры жауа берсін дейміз.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.07.2016
3379
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру