Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«САНАЛЫ ҰРПАҚ - САПАЛЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ»

29.07.2016 4553 0 пікір

Алматы қаласындағы, Жетісу ауданы «Әл-Мәдина» мешіті жанындағы сауат ашу курсы «Саналы ұрпақ - сапалы болашақ кепілі»  атты балалар жазғы курсын ұйымдастырды. Ұлтымыздың болашағы болған балалар бір ай көлемінде Құран әліппесі, ахлақ, әдеп, сира және бата жаттау сияқты сабақтар бойынша арнайы білім алып, имани ортаға бейімдеу шаралары өткізілді.

Отанға деген махаббат туған жердің сұлулығына тәнті болмай оянбас. Осыған орай, балалардың патриоттық сезімін қалыптастырып, туған жер табиғатының қойнауынан нәр алу үшін әсем қала Алматының көрікті жерлеріне арнайы саяхаттар ұйымдастырылды.

Шара соңында шәкірттерді марапаттау рәсімін «Әл-Мәдина» мешітінің Бас имамы Бақытжан қажы Жаңбырбайұлы өткізіп, әр баланы "Алғыс хатпен" марапаттап, Қасиетті Құран Кәрім мен басқа да сыйлықтарды тарту етті. 

 

"Әл-Мәдина" мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру