Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ: «Рухани бай болу - бейбітшілік кепілі»

28.07.2016 4354 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастар ісі бойынша Алматы қаласы өкілдігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасында»  дөңгелек үстел өткізді.  

Келелі кездесуге Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы, «Ғылым ордасы» РМК директорының міндетін атқарушы  Алматы қалалық сотының бас маманы Ахметов Бауыржан, Дін істері басқармасы, бөлім басшысы Асет Жармағанбетұлы, «Нұр-Отан» партиясының Медеу ауданы бойынша төрағасының бірінші орынбасары Халбеков Арман, Жетісу ауданының бас имамы Көптілеуов Бақытжан, Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ Физика техникалық факултетінің Техникалық және ядролық физика кафедра меңгерушісі Медеу Ержанұлы және мешіт имамдарымен қатар қоғам белсенділері қатысты.


«Рухани бай болу - бейбітшілік кепілі» тақырыбы аясындағы басқосуда Алматы қаласының өкіл имамы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жеткізіп, бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім – адамзаттың асыл құндылықтары екендігін айтып. Қазақ елі – ежелден бірлігі жарасқан, тыныштығы мен бейбіт тіршілігі сақталған ел екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, жиын барысында салихалы ойлар айтылып, сұрақтар қойылып, ұсыныстар тыңдалды. Шара соңында айтылған ойлар қортындыланып, үндеу қабылданды.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру