Алла Тағала «Бақара» сүресінің 148-аятында: «Жақсылықта жарысыңдар…», - деп бұйырса, «Ниса» сүресінің 127- аятында: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - деп қайырымдылық жасағандарды үлкен сауапқа кенелтетінін айтады. Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады» (Имам Ахмад), – деген.
ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамының бастамасымен ұйымдастырылған орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі шілде айының 28-і күні кезекті қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Шара арқылы мұқтаж отбасы ретінде есепте тұрған 45 отбасына азық-түлік және мешіт жамағаттары арқылы жиналған киім-кешектер үлестірілді.
Әркез мешіттерден қолдау көріп отыратын отбасы мүшелері мешіт қызметкерлеріне риза болып, алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
«Мешітіміздің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі алдағы тамыз айын «Мектепке жол» акциясы бойынша мұқтаж отбасылардың мектепке баратын балаларына көмек қолын созуға даярлануда. Бір-бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтықтың ауылы алыстай беретіні анық. Ата-бабаларымыздан қалған асыл қасиеттерден жұрдай болсаң, қазақпын деуге құқымыз бола қояр ма екен?», - дейді өкіл имам Нариман Ермекұлы өз сөзінде.
Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла Тағаланың Жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын.
Алла Тағала баршамызға жақсы істер жасауды нәсіп етсін!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.07.2016
3400
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру