Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бекзат Саттархановтың әкесі Риоға жолдама алған палуанға Құран кітабын сыйға тартты (ФОТО)

27.07.2016 4121 0 пікір

Бекзат Саттархановтың әкесі Риоға жолдама алған палуанға Құран кітабын сыйға тартты (фото)

Шара барысында қазақтың батыры, Сидней Олимпиадасының чемпионы, марқұм Бекзат Саттархановтың әкесі ұлы Олимпиадаға аттанарда ұстазы сыйға тартқан Құран кітапты жас палуан Дидар Хамзаға тарту етті.

«Түркістан Ахмет Аяссауи» мешітінде өткен шараға қаладағы игі жақсылар мен спорт жанашырлары және дін өкілдері жиналды. Олардың қатарында боксшы Бекзаттың әкесі Сейілхан Саттарханов та болды. 

Бекзат Саттархановтың әкесі Риоға жолдама алған палуанға Құран кітабын сыйға тартты (фото)

 «Менің ұлым Сидней Олимпиадасына аттанғанда ұстазы берген Құран кітапты оқи алмаса да жанынан тастамай, ақтық ойынға шығар алдында Ермахан ағасы екеуі қасиетті кітапты көкіректеріне қысып ниет еткен екен. Ендеше Дидар балама да Бекзатымның жеңісін тілеймін. Сол үшін жаныңа серік болсын деп, мына Құран кітабын арнайы алып келдім», - деп батасын берді Сейілхан Саттарханов.

Бекзат Саттархановтың әкесі Риоға жолдама алған палуанға Құран кітабын сыйға тартты (фото)

 Ал, қаланың Бас имамы Омар Елеуұлы бастаған дін өкілдері жамағатпен бірге өткен әр намазда дұға тілейтінін жеткізіп, Құран бағыштады.

Жерлестеріне шексіз алғысын айтқан Дидардың жеке бапкері әрі асқар тау әкесі Марат Файзиев ұлының дүбірлі додадан жүлдемен оралуына мүмкіндігі бар екендігін жеткізді.

Айта кетейік, әлемдегі 73 келідегі ең таңдаулы 22 дзюдошы қатысатын Олимпиадаға Дидар бір қадам жетпей қалған болатын. Яғни 23 орында тұрған жас палуан алдында тұрған спортшының белгілі себептермен жарыс жолынан шеттетіліп, осыдан 3-4 күн бұрын ғана шақырту алды. 

Бекзат Саттархановтың әкесі Риоға жолдама алған палуанға Құран кітабын сыйға тартты (фото)

 Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы тек үш жолдамаға иеленсе, енді олардың саны тағы біреумен толықты. Жас спортшы Риода 8 тамыз күні татамиге шығады. Айта кетейік, палуан Дидар Хамза Бекзат Саттархановтан кейін Олимпиадаға жолдама алған түркістандық алғашқы спортшы.

 

 

www.nur.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру