Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ғибратты бас қосу

26.07.2016 3614 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Султановтың бастамасымен, "Фламенго" мейрамханасында орталық мешіттің "Ақсақалдар" алқасының мүшелері мен  облыс, қала мешітінің имамдарына арнап ақ дастархан жайылды.

Дастархан басында облыс имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, қазыналы қариялармен жүздесіп, салиқалы әңгімелерді айтып, жас ұрпақ бойына асыл дінімізді бойына жеткізу, діни білім алуға шақыру, жамағаттың ауызбірлігі мен ынтымағы жайын қозғады.

Бас қосуда облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов те қазіргі облыс көлеміндегі діни ахуалдың жақсарғанын айтып, имамдардың жұмысына ризашылығын білдіріп, жастардың Алматы қаласындағы  "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетіне түсуге талапкердің көп барып жатқандығын тілге тиек етті.

Одан кейін Нәдір Абдукаев, Амангелді Абдрахманов, Қайырлы Баесов сынды ақсақалдар ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Жас талант Ерлан бауырымыз термесін айтып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл -күй сыйлады.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру