Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда қазақ күресінен жарыс өтті

26.07.2016 3725 0 пікір

Өткен сенбі күні Қостанай облысының 9-шы шағын ауданынында қазақ күресінен жарыс өтті.

Шара облыстық «Марал ишан» мешітінің Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет, Марат  Жұрқабаев жетекшілік ететін  «Социум & Я» қоғамдық бірлестігі және Нұрхан Нөгербеков басқаратын облыстық дін істері жөніндегі басқармалардың ұйытқы болуымен ұйымдастырылған.

Бұл «Дін мен Дәстүр» аясындағы өткен күрес - Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың гілігі мен сәлемі болсын) сүннеті және ежелден келе жатқан ұлттық спортымыз күрестің мәртебесін көтеру мен оның ерекшелігін насихаттауға арналған біріншілік жалпы жұртшылықтың көңілінен шықты.

Оған салмағы 70 келіден жоғары намазхандар, яғни кәсіби палуандардан басқа  азаматтар қатысты. Жарыс тартысты өтті.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, бірінші орынға тігілген Умра қажылығына жолдаманы Әулиекөл  ауданындағы «Әмит ишан» мешітінің өкілі Ерлан Қасымов жеңіп алды. Екінші орынға арналған жүлдені, яғни  ірі қараны Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешіті атынан қатысқан Ербол Мұқанов иеленді. Үшінші орынға тігілген қой Алтынсарин ауданы «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің жамағаты Қайыржан Әбикеновке тапсырылды. Сонымен қатар, көрермендер көзайымы атанған Қайрат Дилхановқа арнайы сыйлықты  демеушілер атынан Ғабит Мұқанов табыс етті. 

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру