Маңғыстау облысындағы қала, аудан және ауыл мешіттерінің имамдары "Асар" ақпараттық сараптамалық орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген екі күндік білім жетілдіру курсына қатысты. Маңғыстаулық 30 имамға Түркияның Хасеки университетін тәмамдаған Ақтөбенің білікті имамдары дәріс оқыды.
"Диструктивті діни ағымдардан зардап шеккен тұлғаларға оңалту жұмыстарын жүргізу" тақырыбымен өткен оқыту семинарында фиқx,ақида және теріс ағымдармен күресу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Шараның өтуіне ұйытқы болған - Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасы. Семинар соңында имамдарға арнайы сертификат тапсырылды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.07.2016
4467
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру