Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Америкалық имам "Әзірет Сұлтан" мешітінде қонақта (ФОТО)

26.07.2016 3358 0 пікір

Америкалық имам Мұхаммед Башар Арафат «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы қонақта болды. Құлшылық ордасының құнды жәдігерлерімен танысып, мешіт қызметкерлерімен өзара пікір алмасты.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайрғалиев мұхит асып келген қонақты имандылық ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Мұхаммед Башар мешіт қабырғаларындағы күміс құрандарды тамашалап, Елбасымыз сыйға тартқан Құранның ерте кездегі нұсқасымен танысты. Сондай-ақ, екінші қабатта орналасқан «Muslim.kz» сайтының редакциясы және «Хикмет» телерадиостудиясының жұмысымен танысты. Артынша қадірлі қонаққа мешіт атынан арнайы естелік сыйлығы табыс етілді. 

Айта кетсек, имам Мұхаммед Башар Арафат «Өркениеттер мен ынтымақтастықты алмасу» қорының президенті және негізін қалаушы. Қазіргі уақытта Мэриленд штаты, Балтимор қаласы Ислам мәселелері бойынша кеңес директоры.

 

Muslim.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру