Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Найб имам Қылмыстық-атқару департаментінен алғыс хат алды

25.07.2016 3875 0 пікір

Мешіт қызметкерлері көптеген салалар бойынша да ынтымақтастық жұмыстарын жүргізетінін біреу білсе, біреу білмес. Соның бірі – еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі. Бұл салада да имамдардың насихаты мен рухани жәрдемі кейбір адамдардың рухы мен өмірін сақтап қалуға себеп болып жатады. Міне, осындай имамдарымыздың біріне алғыс хат берілді.

"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің найб имамы Мусаев Мамлюк Асханұлы Ішкі істер министрлігіне қарасты Астана қаласы бойынша Қылмыстық-артқару жүйесі департаменті ынтымақтастық кезінде көмек көрсеткені, қызмет барысында қосқан ерен еңбегі үшін аталмыш департаменттің әділет полковнигі Н. Рыспаевтің атынан "Алғыс хатпен" марапатталды.

Найб имам жұмыс барысында өзіне қол жұмсамақшы болған жазасын өтеушіні сабырға шақырып, суицидке баруына тосқауыл болған еді. Бұдан бөлек, алғыс хат беру барысында М.Мусаевтің құрылыс алаңында, күштік құрлымдардың ескертуіне құлақ аспай краннан өзін тастамақшы болған екі әйел азаматты сабырға шақырып, өмірін және отбасының амандығын сақтап қалуға себепкер болған еңбегі еленіп отыр.

Sunna.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру