Қостанай облысы Торғай өңірінің тумасы, "Нұр-Мүбәрак" университетінің Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Жасұлан Жүсіпбеков өзінің демалысында уағыз-насихат жүргізуде.
Дін саласындағы ұстаз өзінің еңбек демалысына қарамастан, көпшіліктің сұранысы бойынша уағыз насихаттарын жүргізуде. Ол өңірдегі алғашқы кездесуін облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы Бахытбек Тәжімбет және наиб имам Азамат Мурзакановпен бірге Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде орналасқан 161/2 Түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан намазхандармен кездесуден бастаған-ды.
Содан кейін ол облыстық «Марал ишан» мешітінің жамағатымен жүздесті. Онда жиналған қауымның көкейдегі жүрген сұрақтарына нақты жауап беріп, өзінің білімді де білікті азамат екендігін көрсетті.
Сондай-ақ, өткен қасиетті жұма күні белгілі дін қайраткері Шоқан қажы Әмірханов басқаратын 9-шағын ауданда орналасқан Қостанай қалалық мешітінде болып, уағыз айтты. Сөйтіп, осындағы көпшіліктің ризашылығына бөленді.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.07.2016
3617
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру