
ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық өкілдігі «Nurgasyr.kz» ресми сайтының редактор-баспасөз хатшысы қызметіне конкурс жариялайды.
Үміткерге қойылатын талаптар:
- жоғары гуманитарлық (Исламтану, дінтану, журналистика, филология) білімінің болуы;
- қазақ және орыс тілдерін жетік меңгеруі (араб, ағылшын, түрік тілдерін меңгеруі құпталады);
- Басылымдар мен электронды БАҚ-мен жұмыс тәжірибесі болуы;
- Қызметке жауапкершілікпен қарауы;
- Ең басты талап – ислами тақырыптарда материал, зерттеу, сұқбат дайындай алатын діни білімі болуы тиіс.
Функционалдық міндеттері:
- Сайт контентін үнемі мазмұнды материалдармен жаңартып, әлемдегі және елдегі Ислами жаңалықтармен толтырып отыру;
- Өзекті діни тақырыптарда материал (жаңалық, мақала т.б.) дайындап, оларға орынды тақырып қою әрі оларды сайтқа шығарып, әлеуметтік желілерде тарату;
- Маңызды мәселелерге қатысты сұхбаттар алу, сауалнамалар жүргізу;
- Өңірлік жаңалықтарды БАҚ беттерінде жариялау.
Үміткерлерден түйіндемені «Түйіндеме. (Аты-жөні)» деген тақырыппен nurgasyrmeshiti@mail.ru хатқоржынына жолдауды сұраймыз.
Қосымша ақпаратты мына байланыс телефондар арқылы білуіңізге болады: +7 (7132) 77-43-49, +7 775-478-84-10.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.07.2016
3746
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру