Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти Алматы қаласының имамдарымен кездесті

22.07.2016 3765 0 пікір

Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы қаласының бас имамдары және наиб имамдарымен кездесіп, діни бағыттағы қызметті жетілдіру, имамдардың қарым-қабілетін үздіксіз дамыту мәселелерін талқылады.

ҚМДБ төрағасының орынбасары Серікбай қажы Ораз Ислам діні халқымыздың сан ғасырдан бері рухани құндылығы болып саналатынын, сондықтан да ҚМДБ-ның бастамасымен жүргізіліп жатқан «Дін және дәстүр», «Дін мен тарих тағылымы» рухани жобасын қоғамға, жастарға кеңінен насихаттау жұмыстарын тапсырды.


«Өздеріңіз білесіздер, Діни басқарма 2013-2015 жылдарды "Дін мен дәстүр" жылы деп жариялады. Осы құндылықтарымыздың Діни басқарма деңгейінде кеңінен насихатталуына басымдық бердік. «Дін мен дәстүр» кітабы зиялы қауым, қарапайым халық, жалпы жамағатқа жол тартты. Ал, 2016 жыл «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жарияланды. Басты мақсат – тарихи тамырымызға зер салып, дін мен тарихымыздың байланысын терең зерделеу, Ислам діні – ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабаларымыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы екенін қоғамға насихаттау, ұлттық тарихымыз бен елдік санамызды, ұжданды тұлғаларымызды саралап, олардың өмірі мен еңбектерін жас ұрпаққа үлгі ету. Дін қызметкерлері осы бағытта талмай еңбек етуі керек», – деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.

Наиб мүфти кездесу барысында имамдармен еркін пікір алмасып, толғандырған сұрақтарына жауап берді.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру