
Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан мешіт имамдарының ұйытқы болуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай, Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтек ауданындағы «Облыстық қан орталығында» «Өмірге үміт сыйлайық!» атты қайырымдылық негізінде қан тапсыру шарасы болып өтті.
Аталмыш қайырымдылық шараға Шымкент қаласына қарасты мешіт имам, молдалары қатысты. Шара барысында қалалық «А.Қаттани» мешітінің имамы Б.Абдірахманов және найб имамы Х.Мырзагелдиевтер бастаған имам, молдалар тегін қан тапсырды.
Айта кету керек, бүгінде Шымкент қаласында ҚМДБ-на филиал болып тіркелген 103 мешіт асыл дінімізге қызмет етуде.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.07.2016
3542
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру