Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Достық үйіндегі кеңес отырысы

21.07.2016 3441 0 пікір

Достық үйінің мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Р. Сүйербаевтың төрағалығымен кеңес отырысы болып өтті.

Кеңес отырысының күн тәртібінде қаралған мәселе-жастарға патриоттық тәрбие беру.

Кеңесте Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің мүшесі Р. Сүйербаев сөз алып, сөз тізгінің облыстық жастар басқармасының басшысы Азамат Айтуевке ұсынды. Азамат Айтуев "жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу туралы" сөз сөйлеп, жастар туралы мәлімет беріп, жастар саясаты басқармасының жұмысымен таныстырды.

Кеңес отырысына ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов, ақсақалдар. кенес мүшелері қатысты.

Шара соңында сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру