
Биыл пайдалануға берілген Маңғыстау облыстық орталық мешіт жанындағы медресе жас жеткіншектердің игілігіне жарауда. Жаз басталысымен жұмысын бастаған медреседегі діни сауат ашу лагерінде екі ай бойы 100- ден астам ұл балалар діни білім алып, енді қыз балаларға да кезек келді. Бүгінгі таңда облыстың шалғай аудандарынан келген 58 қыз бала діни сауаттарын ашуда. Оларға еліміздегі «Нұр Мүбәрак» университетінің 5 түлегі мен Сарыағаш медресесінің 1 шәкірті білім беріп, өздерінің тәжірибелік шеберліктерін шыңдауда. Ұстаздар Құран оқып үйрену, сира, ақида, сахабалар өмірі деп аталатын сабақтардан дәріс береді. Қыз балалар білім деңгейлеріне қарай 4 топқа бөлінген.
Жеткіншектер 4 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жатын орындары, сабақ оқитын бөлмелері және асханасы бар медреседе білім алуға қолайлы жағдай жасалған.
Балалардың бойын сергітіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін ұстаздар түрлі шаралар ұйымдастырады. Олар шәкірттерін теңіз жағалауына немесе қаладағы мұражай, кинотеатр сынды қоғамдық орындарға да апарады. Өкіл имам С.Сейтбеков балалардың діни білім алуына барынша көңіл бөліп, сондай-ақ бос уақыттарында баратын жерлеріне автобус, қоғамдық көлік секілді тиісті көмекті алып беріп отыр.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.07.2016
4877
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру