Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей аймағының өкіл имамы Алтай өлкесінде болып қайтты

19.07.2016 3389 0 пікір

Алтай өлкелік Барнаул қалалық «Асыл мұра» ұлттық мәдени орталығының шақыртуы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Алтай өлкесі Барнаул қаласында 1929 – 1933 жылдар аралығында болған қайғылы оқиғалардың құрбан болған қандас бауырларымыздың басына арнап тұрғызылған Құлпытастың ашылу салтанатында болды.

Осы іс – шара барысында өкіл имам Барнаулдық қандас бауырларымызға  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жолдады, және Ресейлік мұсылман бауырларымыз осы іс – шараға ат салысқаны үшін Ержан қажы Малғажыұлына шынайы  алғыстарын білдірді. Қабір басында марқұмдарға арналып Құран оқылып. Осы салтанатқа қатысқан мұсылман бауырларымызға дастархан жайлып, Құран хатым түсірілді. Өкіл имам Мақсат қажы Қуанышұлы Барнаул қалалық орталық мешітінде болып ресейлік мұсылман бауырларымызбен кездесті.    

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру