"Алматы қаласы «мәдени, рухани орталық» статусына сай ма?" деген сауалға Алматы телеарнасының «Тарихқа толы Алматы» бағдарламасы жауап берді. Алматы қаласының тұрғындарының және қала қонақтарының емін-еркін құлшылық етіп, жанына рухани демеу табатын киелі орындардың бірі – мешіт. Мешіт – бірлік пен ізгіліктің, имандылық пен бауырмашылдықтың рухани қайнар көзі. Мешіт – кез келген адамды тіліне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлмей бастарын бір жерге тоғыстыратын рухани орталық. Мешіт Аллаға құлшылық жасайтын орын, әрі діни, мәдени, қоғамдық орталық. Өзге елден келген саясаткер де, елшілер де, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері де осы мешітке атбасын тірейтін. Кейде бұл мешіт екі адам арасында туған дауға төрелік жасайтын орын да, мұқтаж жандарға жәрдем берілетін көмек үйіне де айналып кетеді. Халыққа насихат уағыз айтатын рухани орталық та осы Алланың үйі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.07.2016
4142
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру