Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Шорада" өткен демалыс

18.07.2016 3660 0 пікір

Маңғыстау облысындағы мешіттердің жастары өзара бас қосып, "Шора" демалыс аймағына демалып қайтты. Өкіл имам С.Сейтбеков мешіт жамағатымен бірге болып, жас болса да діннің ережелерін бекем ұстап, құлшылық қағидасын орындап жүрген мұсылман жастарға уағыз- насиxат айтты. "Жастардың діндегі рөлі" тақырыбында болған уағызда облыс имамы Ислам тариxында болған жас мұсылмандардың өмірінен үлгі өнеге айтып, адамның жастық шағында жасалатын амалдардың берік те тәуекелі мықты, ықыласы мол болатынын жеткізді.

Бір-біріне деген бауырмалдықты күшейткен, Алланы еске алып, оған құлшылық етуді  уағыз еткен отырыс соңында елуге жуық мешіт жамағаты "Шора" демалыс аймағын тазалап, сенбілік ұйымдастырды.

 

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру