Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде діни бірлестіктер арасында спартакиада өтті

18.07.2016 3090 0 пікір

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салауатты өмір салтын қалыптастыру, діндер арасындағы татулықты сақтау, жамағат бірлігін арттыру мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің араласуымен өңір мешіттері мен басқа да діни бірлестіктер арасында спорттың бірнеше түрінен спартакиада жүріліп өтті.

Дүбірлі сайысқа Өскемен өкілдігіне қарасты қалалық, аудандық  мешіттер мен қаладағы басқа да діни бірлестіктерден жалпы 8 команда, 100-ден астам спортшы қатысты.

Олар ұзындыққа секіру, волейбол, қол күресі, эстафета секілді спорттың бірнеше түрінен сайыс өтікзді.

Қаладағы кең де сәулетті спорт сарайларында өткен спорттық сайыстарды тамашалаушылар қатары да мол болды.

Бәсекелер шынайы түрде өте қызу тартысқа толы болды. Тартысты сайыстарға осы өңірге белгілі спортшылар төрелік етті.

Сайыс қорытындысы бойынша Өскемен қалалық «Защита мешіті» 1-орынды жеңіп алса, келесі орындарды Шығыс Қазақстан облыстық  «Халифа Алтай» мешіті иеленсе, 3-орынды Өскемен қаласындағы  «Софья шіркеуі иеленді. Марапатталушыларға сыйлықтар табыс етілді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру