Жуырда Алматы қаласы Бостандық ауданының орталық «Орбита-3» мешітінің және аудандық «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің ұйымдастыруымен мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Ораза айттың құрметіне орай шағын футболдан мешіт жамағаттары арасында ауданаралық арнайы жарыс ұйымдастырылды.
Игі іс-шараға Алматы қалалық «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Есім Ержан және Бостандық ауданының Бас имамы Әсет қажы Қадырақынұлы қатысып, мешіт жамағаттарын қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады.
«Жалпы еліміз бойынша Бас мүфти бастамасымен Ораза айт мерекесі жан-жақты аталып, кеңінен тойлануда. Осынау ұлық мерекемізді Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша кеңінен атап өту үшін мешіт жамағаттары арасында арнайы жарыс ұйымдастырып отырмыз. Бұл шараның мақсаты – жамағатты жақсылыққа ұйытып, бірлікке бастау», – деп атап өтті «Орбита-3» мешітінің Бас имамы Әсет Қадырақынұлы.
Әр ауданнан шыққан 8 команда өзара бірінші орынға таласты. Сонымен, жарыс нәтижесіне сәйкес, жүлделі І орын Бостандық ауданы «Орбита-3» мешітіне бұйырды. Ал ІІ орынды Алатау ауданы «SK DOSTAR» командасы қанжығасына байлады. Ал ІІІ орынды «Төлеби» мешітінің жамағаты иемденді. Жарыс жеңімпаздары алғыс хат, дипломмен марапатталып, оларға арнайы бағалы сыйлықтар табысталды.
Алматы қаласы «Орбита-3» мешітінің наиб имамы, Бостандық ауданы бойынша «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің өкілі Ерлан Досымұлы аталмыш шара алдағы уақытта жалғаса беретінін жеткізді.
«Орбита-3» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.07.2016
4236
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру