Кеше Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспанның кезекті іс-сапары Алға ауданына арналды. Сапар барысында аудан әкімі Абдуллин Мавр Ерғалиұлымен арнайы кездесіп, аудандағы діни ахуалмен танысты. Өз кезегінде өкіл имам аудан аумағындағы мешіттерді абаттандыру, мешіттердің жері мен ғимаратын діни басқарма теңгеріміне өткізу жұмыстарына ықпал ету жөнінде аудан әкіміне ұсыныс білдірді.
Бесін уақытында Алға аудандық және Бестамақ ауылдық мешіттердің жамағатымен жүздесіп, ел бірлігі жөнінде уағыз-насихат айтып, мешіттердегі діни сауат ашу курстарынан білім алуға шақырды.
Сондай-ақ, Бесқоспа ауылындағы жамағатпен арнайы жеке кездесулер өткізіп, теріс ағымның қоғамға тигізіп жатқан зиянын жеткізіп, дәстүрлі діннің құндылықтарын насихаттады.
Өкіл имам Т.Оспан Алға ауданындағы имамдарға діни қызмет пен насихат жұмыстарын жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар беріп, Бестамақта орналасқан «Ақтөбе» медресесінің базасын тиімді пайдалану керектігін тілге тиек етті.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.07.2016
4055
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру