Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіттер арасындағы футбол жарысы

14.07.2016 3614 0 пікір

Кеше  Балықшы  кентіндегі  спорттық алаңда  мешіттер  жамағатының арасында  Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  футболдан   жарыс  болып өтті.  Жарысты   қала тұрғындары мен жамағат мүшелері тамашалады. Шараны өткізудегі мақсаты – діндар жамағатпен тығыз байланыс орнатып, олардың дәстүрлі діни бағытқа көзқарасын оңтайландыру. Сондай-ақ, мұсылмандарды бауырмалдыққа шақырып, өзара достық қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік жасау болып табылады.

Жарыс қорытындысы бойынша «Құспан молда» мешіті бас жүлдені иемденсе, екінші орынды  «Дина»  сауда орталығындағы намазхана жамағаттары алса, үшінші орындарды «Әт-Тақуа» мешіті місе тұтты. Сайысқа қатысушы жамағатқа  «Шапағат» орталығы  директорының орынбасары Аташев Айбек  бағалы сыйлықтар мен  мақтау қағаздарын табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру