ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен Орал орталық мешітінде "Мұсылман әйелдің тұлғалық келбеті" атты әйел ұстаздардың қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.
Алдымен облыс имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасымен ҚМДБ-ның "Жалпы және жастар ісі" бөлімі жанынан "Әйелдер-қыздар" секторы ашылдығын жеткізіп, жаңа құрылған сектор Қазақстандағы әйелдер қауымына қатысты барлық діни, ғылыми, рухани және отбасылық мәселелерді жетілдірумен айналысатындығын жеткізді.
Үстел басында ұстаздардың ұсыныс-пікірлері айтылып, ортақ шешімге келді.
Одан кейін қасиетті рамазан айында аудандық, ауылдық мешіттерінде сауат ашу курсында дәріс берген әйел ұстаздарға облыс имамы Руслан Сұлтановтың арнайы дипломы мен бағала сыйлықтары табыс етілді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.07.2016
3588
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру