Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен өңірі имамдарына «XXI ғасыр имамы» атты шешендіктен шеберлік дәрісі өтті

13.07.2016 3743 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының қала, аудан имамдарының жиналысы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің мәжіліс залында болды. Басқосуға өкілдікке қарасты қала, аудан имамдары дерліктей қатысты.

Алқалы жиында өткен қасиетті рамазан айында атқарған шаралар қорытындыланып, алдағы міндеттер талқыланды.

«Біз қасиетті Рамазан айын жоғарғы деңгейде өткіздік. Биыл қабылдаған өкілдіктің негізгі бағдарламасы - «25 жылдыққа 25 қадам» жобасы аудандарға сәтті жүзеге аса бастады. Бірнеше аудандарда жас мамандарға арналып, баспана салынып жатыр. Кей жерлерде хатымхана құрылыстары пайдалануға берілсе, кейбір аудандармен ауылдарда тағаны тартылып, құрылыс жұмыстары іске аса бастады, міне бұл сіздердің дін жолындағы еселі еңбектеріңіз», - деп атап өтті, өкіл имам.

Бұдан соң нәтижелі қызмет атқарған аудан, қала имамдарын марапаттады.

Жиында имамдарға нақты тапсырмалар беріліп, жаңа міндеттер жүктелді. 

 Сонымен қатар, аудан, қала және облыстық мешітттің имамдары мен молдаларына «XXI ғасыр имамы» атты шешендіктен шеберлік дәрісі өткізілді.

Дәрісті Астанадан арнайы келіп, халық алдында сөз сөйлеу бойынша кеңесші және сарапшы, шешендік өнерден тренер Ерлан Ахмеди жүргізді.

 «Қазіргі таңда имамдармен жалпы дін қызметкерлеріне талап күшейе түсуде. Имамдарымыз заман талабына сай болып, ұдайы өзін жетілдіріп отыруы тиіс. Біз бұл бағытта бірнеше жұмыстар жоспарлап іске асырудамыз, Астанадан Ерлан Ахмади бауырымызды әдейі шақырып, сөз сөйлеу мәнері жайлы арнайы дәрісті ұйымдастырып отырмыз», - деп атап өтті өкіл имам Ермек қажы Тасболатұлы.

Ерлан Ахимади имамдармен діни қызметкерлерге сөз сөйлеу және қарым қатынас мәдениеті, шешен қолданатын әдіс-тәсілдер, шешендер жасайтын жаттығулар, аудиторияның назарын ұстау;  жайлы құнды дәріс жүргізді.

 Шара соңынан өкіл имам Өскемен өңірінің имамдарының атынан шақыруды қабыл алып келген Ерлан Ахмадиге алғыс білдірді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру