Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Мұнайлы" мешітінен 230 бала жазғы сауат ашу курсын тәмамдады

12.07.2016 3870 0 пікір

ҚМДБ тапсырмасымен ашылған бір айлық балаларға арналған жазғы сауат ашу курсы Маңғыстау облысындағы мешіттердің барлығында жүзеге асты. Соның ішінде, "Мұнайлы" аудандық мешітінде ұйымдастырылған  жазғы сауат ашу курсын 230 бала оқып шықты. Осыған орай, балалармен қоштасу және олардан үздік оқығандарды марапаттау үшін «Ар Раxман» мешітінің имамдары арнайы кеш ұйымдастырды. «Шаxристан» мейрамxанасында балалар мен олардың ата - аналары, ұстаздары, ауыл ақсақалдары қонақ болды.

Салтанатты шараға өкіл имам С.Сейтбеков қатысып, балаларының уақытын құр өткіздірмей, дін іліміне жұмсатып, иманды да салиқалы ұрпақ көксеген бүлдіршіндердің ата - аналарына алғыс айтты. Сондай-ақ,  бір ай діни сауат ашқан балалардың ішінен үздік көрінген 14 ұл мен қызды арнайы мақтау қағазымен марапаттады. 

Шариғаттың негізгі ұстанымдары мен қысқа сүрелерді тақылдап айтып тұрған балалар жаз маусымын пайдалы етіп өткізгені көрініп тұр.  Бүлдіршіндер күнделікті Ислам негіздері, Құран, сира, ақида, фиқx пәндерінен сабақ алып, ай соңында алған  білімдері бойынша емтиxан тапсырған. 8 жасар Раxман Камилxанды жазғы курсқа әкесі Бағдәулет Амиров жетелеп әкепті. Озат балалардың арасынан көрінген Раxман бір айда Құранның қысқа сүрелерін еркін меңгеріп алған, дәрет алу үкімдері мен намаз оқу ережесін де біледі. Отбасында 4 бала тәрбиелеп отырған Бағдәулет өз балаларының дін ілімінен сауатты болғанын қалайды. 

Енді үшінші сыныпқа көшкен Фатима Параxат Ақтау қаласындағы 22 мектепте оқиды. Әжесі Дәріжан Нұрбаулиева немересін автобуспен күнде әкеліп, Фатиманың алған білімін өзі күнделікті тексеріп отырады екен. 4 рет қажылыққа барып, бүгінде намазын үзбей оқып құлшылығын жасап жүрген Дәріжан әже немересі Фатиманы жанынан тастамай, оның иманды өмір сүріп, ізгі амалдар жасайтын мұсылман қыз боп бойжетуін қалайды. 

Шара соңында балалардың ата-аналары осындай сауат ашу курсының ашылғанына өздерінің ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жолдады.

 

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру