
Жақында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін Республика бойынша қазақ күресінен III турнир болып өткен болатын. Оған біздің облыстың атынан палуан Молдашев Біржан мен Тулеушев Малик қатысқан еді.
Осы жарыста жерлестеріміз өзінің нағыз спорттық бабында екенін дәлелдеді.
Екінші орынға ие болған Молдашев Біржанға Бас мүфти кіші қажылық жолдамасын сыйға тартса, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы 8 шілде күні, жұма намазында жарысқа қатысқан және оларды дайындаған бапкерлерді мақтау қағазымен марапаттап, Біржанның бапкері Аманбай Қыздарбайұлын да облыстық мешіт атынан кіші қажылықты сыйға тартты.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.07.2016
3827
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру