Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Алматы қаласы имамдарының кезекті жиналысы болып өтті. Басқосу барысында Бас имам Нұрбек қажы Есмағанбет Рамазан айын қортындылап, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жеткізді.
Жиын барысында Діни басқарманың бірқатар тапсырмалары пысықталып, алдағы жұмыс жоспары талқыланды. Белсенді жұмыс жасаған мешіт қызметкерлеріне Бас мүфти атынан өкіл имам алғыс хат табыс етті.
Рамазан айында Алматы қаласы бойынша 5 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға бір айлық азық-түліктер үлестіріліп, кей отбасыларға жағдайларына қарай қаржылай көмек ретінде де қайрымдылық жасалды. Сонымен қатар, күнделікті ауызашар дастархандары жайылып, бір айда 300 мыңға жуық адам мешіттер ауласындағы дастархандардан ауыз ашты.
Жиынға арнайы келген Алматы қаласы Дін істер басқармасының жаңа басшысы Айдархан Рахымжанұлы қала имамдарымен танысып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыстар атқаратындығын айтты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.07.2016
4234
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру