
Құлшылық еткен халықтың қарасы көп
Жобалай қарасақ, бұл түні жас-кәрісі бар жеті мың шамасында жиналған бұқара «Иманғали» орталық мешітінің іші мен сыртында Қадір түнін қарсы алып, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы өзі бастап және мешіттің діни қызметкерлері жалғап«Ораза айының абзалдығы және Қадір түнінің мән-маңызы» тақырыптарында уағыз-насихат өрбітті.
«Иманғали» орталық мешітінде 02 шілде күні, тарауих намазында сенбі күні Құран хатым батасы жасалды. Рамазан айының алғашқы тарауих кешінен басталған Құран хатым қасиетті айдың 02 шілдесінде тәмамдалды.
5 шілде күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7: 00 де қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мерекелік Айт намазы оқылды.
Айт намазына облыс әкімінің орынбасары Әлібек Ибатуллаұлы қатысып, барша жамағатты және Қазақстан халқын оразаның аяқталуымен құттықтап, барша мұсылмандардың осы қасиетті айдағы жасаған сауапты амалдары қабыл болсын деп тіледі.
Дәстүр бойынша, Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының басшылығымен Айт намазын оқыды. Айт намазы аяқталған соң намазға қатысқан жамағатқа мерекелік дастархан жайылып, қонақтар алуан түрлі астардан дәм татты.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша мешіт ауласында жамағат арасында спорт ойындарымен жалғасты. Онда қазақша күрес, кір көтеру, қол күрес, арқан тартыс, асық ойнау т.б. түрлерінен жамағат бақ сынасты. Ал бүлдіршін балаларға арналған ойындар да балаларды қуантып тастады. Шара соңында "Иманғали" орталық мешіті тарапынан жеңімпаздарға сый-сияпаттар табыс етілді.
"Иманғали" орталық мешітінің ұжымы барша мұсылмандарды Рамазан айының аяқталуымен құттықтап, екі дүниенің жақсылығын тіледі.
Жамағат табиғатта тынығып, ораза айтты атап өтті
Рамазан айының күндіздерін ораза ұстаумен, түндерін ғибадатпен өткізген исі мұсылман ораза айт мерекесін қуана қарсы алады. Әрине, ораза айт Алланың берген үлкен сыйы. Мұсылмандардың бір-бірін бауырына басып, өзара құттықтасуы да айтқа жарасар бір бейне. Ораза айт мерекесінің екінші күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен 50-ге жуық кісіге арналып қала сыртындағы «Бесікті» жағажайында бір күндік демалыс ұйымдастырылды.
Аталмыш мерекелік демалысқа ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Мансұров, Атырау облыстық дін істері басқармасының бастығы Еркінбек Шоқай, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының директоры, теолог Қ.Жұмағұл, қор директорының орынбасары, дінтанушы А.Аташев және мешіт қызметкерлері мен аға буын жамағаттары жанұяларымен қатысты.
Атырау облыстық «Иманғали»
орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.07.2016
3398
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру