30 маусым күні Атырау облысы Дін істері басқармасы және «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық мешіттердің діни қызметкерлеріне арналған «Зайырлы қоғамдағы дін» атты семинар өткізілді.
Аталған шараны ҚМДБ-ның Атырау бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Б.Мансұров ашып, басқосудың мақсаты мен маңызын айтып өтті.
Бұдан кейін сөз алған «Шапағат» орталығының директоры, теолог Қ.Жұмағұл, директор орынбасары, дінтанушы – А.Аташев жиналғандарға мемлекеттің дін саласындағы саясатын жеткізе отырып, зайырлы құндылықтарды насихаттау, қоғамымызда орныққан конфессияаралық келісімді, ауызбіршілікті сақтау мен нығайту, сондай-ақ, тұрғындардың, соның ішінде, жастардың діни экстремизм және терроризмге қарсы тұру иммунитеттерін қалыптастыру, теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру жұмыстарының белсенділігін арттыру мақсатында келелі ойларын ортаға салды.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметшісі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.07.2016
3095
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру