
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының өңірінде «Күршім аудандық мешітінің» қатысуымен «Дін жән тарих тағылымы» жылы аясында сонау 1931 жылы Кеңес үкіметінің солақай саясатынан құрбаны болған боздақтарға ескерткіш орнатылды.
1931 жылы осы өлкеде Кеңес үкіметі 1000-нан астам адамды жазықсыз қырып тастағандығы тарихи деректерде және көне көз қариялардың әңгімесінен белгілі.
Жазықсыз жапа шеккен есілдерге арнап бүгінгі ұрпақтары марқұмдардың қаны төгілген белге ескерткіш белгі қойды.
Аталған шараға ҚМДБ-ның Діни істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев, Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы және тарихшы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, аудан халқы қатысты.
Шара барысында шейт кеткен марқұмдардың рухына арналып Құран бағышталды.
Сонымен қатар, тарихшылар мен жазушылар, шежіре қариялар тарихта «Ақ Найман қырғыны» деген атпен қалған осы бір зобалаң туралы деректерді айтты.
«Мұндай ауыр қасірет қайталанбасын, біз қолға келген Тәуелсіздіктің арқасында ғана есілдерді еске алып отырмыз, бабалар рухына тағызм-ұрпақ парызы», - деп атап өтті, шарада сөз алғандар.
Осылайша күре жол бойындағы күрес күндерінің куәсі болған жусанды белге белгі қойылып, есілдер есімі ұлықталды.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.07.2016
4145
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру