Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаркент қаласында бір күнде екі мешіттің салтанатты ашылуы өтті (фото/видео)

12.07.2016 9010 0 пікір

Өткен жұмада Жаркент жұртшылығы үшін ұмытылмас тарихи күн болды. Осыдан сегіз ай бұрын басталған Панфилов аудандық орталық мешітінің салтанатты ашылуы болып өтсе, сол күні түстен кейін Қырыққұдық ауылында тағы бір зәулім мешіттің ашылуы болды.


Жаркенттегі күмбезі көкпен таласқан сәулетті мешітті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет ашып, халыққа ақ батасын берді.

Жалпы Мешіт төрт мұнаралы, бір мезетте мың екі жүз адам намаз оқи алатын, іші - кірсең шыққысыз қазақы ою өрнектермен көмкерілген - қаланың әсемдігін арттыра түскен ерекше ғимарат болды.

Мешіттің ашылу салтанатына еліміздің түпкір-түпкірінен белгілі, елге танымал адамдар келіп лебіздерін білдірді.

Жаркент тұрғындарының кеудесін қуаныш кернеген жайдары жүздерін көріп, Алланың үйіне деген махаббаттың барлығына куә болдық.

Бұл мешіттің салынуына үлес қосқан барлық адамдарға Алла Тағаланың мейрімі болғай!

Талдықорған өңірінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру